Футбол

Еріккенің ермегі дейміз бе? Неймар бүкіл айлығына арал сатып алды

9 миллион АҚШ долларына арал сатып алды

Бразилия ұлттық құрамасының ойыншысы, "Аль-Хилял" футбол клубының шабуылшысы Неймар Джуниор клубтан алғаш айлығына бір аралды сатып алды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.  

Форвард соңғы демалыс күндерін Бразилияда орналасқан Илха ду Жапао аралында өткізді. Бұл аралда өткізген демалысының өзіне ұнағаны соншалық, нәтижесінде аралды сатып алуды жөн көрді. Аралдың аумағы 2500 шаршы метрді құрайды. Ал, құны - 9 миллион АҚШ доллары. 

Айта кетейік, Неймар саудиялық клубта өткен жылдың жаз маусымынан бастап ойнап келе жатыр.