Бокс

Шавкат Рахмонов Белалмен жекпе-жекте жеңіске жете ме?

Рахмонов америкалық Белалмен өтетін жекпе-жекке қатысты пікір білдірді

Қазір барлық жанкүйерлер Дана Уайттың Рахмонов пен Белал арасындағы жекпе-жекті қашан жариялайтынын тағатсыздана күтіп жүр, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

UFC-дегі танымал қазақ спортшысы Шавкат Рахмонов оқырмандарын қызықтыратын маңызды сауалға жауап берді. Әлеуметтік желідегі тікелей эфир барысында жанкүйерлерінің бірі «Белал Мухаммадты күрестен жеңе аласың ба?» деп сұраған. Шавкат болса, кез келген жекпе-жекке дайын екенін айтты.

Еске салайық, 28 қыркүйекте Белал Мухаммад Шавкат Рахмоновты жекпе-жекке шақырды. Ол әлеуметтік желіде: «Шавкат, жақында көрісеміз» деп жазба қалдырды. Бірер сағат бұрын Шавкат жаттығу лагерінде келесі жекпе-жекке дайындықты бастағанын атап өткен болатын.