Футзалдан әйелдер құрамасы маңызды ойындарға дайындық жүргізуде
Қазақстан әйелдер құрамасы Астанада жаттығуда
Қазақстанның әйелдер құрамасы 2025 жылы өтетін футзалдан алғашқы әлем чемпионатының іріктеу турниріне дайындықтарын Астанада жүргізуде, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Құрама негізгі кезең аясында 6-топта Нидерланд және Польшамен бәсекеге түседі. Топ жеңімпазы элиталық кезеңге өтеді.
Негізгі раундтың ойындары Қазақстанда өтеді: 17-19 қазан күндері Астанадағы «Сайран Арена» спорт кешенінде.
Айта кетейік, футзалдан әйелдер арасындағы Әлем чемпионаты 2025 жылдың 21 қараша - 7 желтоқсан аралығында Филиппинде ұйымдастырылады. Турнирге 16 команда қатысып, Еуропадан (УЕФА) 4 құрама іріктеледі.