Жаңалықтар

Неткен сорақылық: жігіт бұрынғы және қазіргі қыздарының басын шауып тастады

19 жастағы жігіт не бүлдірді?

Тағы да жасөспірімдер өлімі орын алды. Бұл жолы Қазақстанда емес, Түркия елінде бозбала бұрынғы және қазіргі сүйікті қыздарының басын шауып тастады, деп Dopmedia.kz тілшісі Alash.kz ұлттық порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Сорақысы, екі ауыр қылмыс та бір сағатқа жетпейтін уақытта жасалған. Екі жантүршігерлік қылмыстың аралығы жарты сағат қана болған.

Түркияда 4 қазанда 19 жастағы Семи Челик қазіргі сүйіктісі Айшенур Халил мен экс-ғашығы Икбал Узунерді асқан қатігездікпен өлтірді.