Жаңалықтар

"Үнемі аңдып тұратындай": Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуінен көрген қорлығын айтты

Дана Нұржігіт басынан өткен оқиғаны баяндады

Журналист, тележүргізуші Дана Нұржігіт Динара Сәтжанға сұхбат беріп, экс-күйеуінің аңдығанын айтты, деп Dopmedia.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап хабарлай

Журналистің экс-жолдасымен болған келіспеушілік оның денсаулығына да әсер еткен.

Ол интим фото-видеоларды түсіргені үшін бұрынғы күйеуін Қылмыстық кодекстің 147-бабы бойынша үш жылға соттатты.

147-баптың 4-бөлігінде адамның жеке өмірі туралы оның келісімінсіз оның жеке немесе отбасылық құпиясын құрайтын мәліметтерді тарату немесе өзге ақпаратты заңсыз тарату нәтижесінде адамның құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіру" жеке деректер" жазылған.

Одан кейін медиа маманы жеке өміріне қатысты оқиғадан кейін заңға арнайы бап енгізуді талап етіп отыр. Ол туралы жеке парақшасында жазды.