Жаңалықтар

«Ломбардқа оқуымның ақшасын жабу үшін бардым»: Шымкентте тапаншалы қылмыскерді тоқтатқан жігіт кім

Батыр жігіт болған оқиғаны жан-жақты баяндады

Qaz365.kz тілшісі Шымкентте қару ұстаған қылмыскерді тоқтатқан жасөспірім Ұлықбек Құрманалиұлымен сұхбаттасты. Оның ломбардқа тапанша ұстап кірген қылмыскерді ұрып құлатқан видеосы кешеден бері әлеуметтік желіде қызу талқылануда, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Оқиға қалай болды

Еске салсақ, Шымкент қаласы Рысқұлов көшесінде орналасқан ломбардтардың бірінде бетіне медициналық маска киіп алған белгісіз тұлға  қолына тапаншаға ұқсас затпен ломбард қызметкерлерін қорқытып, 100 мың теңге қаражат талап еткен. Ломбард ішінде тұрған 18 жасар ер азаматтар қылмыстың алдын алу мақсатында құқықбұзушыны тәртіп сақшылар келгенше ұстап алған.

Тұран аудандық полиция қызметкерлері дер кезінде келіп, құқықбұзушыны тұтқындаған. Аудандық полиция басқармасының бастығы Тілеуов Нұржан өз кезегінде жасөспірімдердің танытқан ерлігі үшін арнайы алғыс хатпен марапаттады. 

Әзілдеп тұр ма деп ойладым

Батырлық танытқан Ұлықбек Құрманалиұлы не үшін ол жерге барған? Аталмыш оқиға қалай болды? Мұны өзінен сұрап көрдік.

Осыдан кейін Ұлықбек оның шын айтып тұрғанын түсіне қойып, ұрып құлатқан. Тапаншасы қолынан түскенше тоқтамадым дейді. 

Ұлықбектің оқуына 360 мың теңге керек болған. Өзіне сыйлаған телефон 240 мың теңгеге сатылыпты. Сонымен бір жылдық оқуын жауып алған. Ол – Орталық Азия Инновация университетінде дене шынықтыру мамандығы бойынша 1 курс студенті.