Футбол

Ұлттық құрама аустриялықтарға есе жіберді

Ойын 4:0 есебімен аяқталды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар Лигасы аясында кеше түнде Аустрия командасымен кездесті. Ойын қарсылас команданың пайдасына 4:0 есебімен аяқталды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

90 минутқа созылған матчта Аустрия командасының тарапынан гол соққандар: 

Кристоф Баумгартнер (10-шы минута),

Филипп Линхарт (53-ші минута),

Марсель Забитцер (56-шы минута) 

Маттиас Зайдль (79-шы минута) 

Енді, ұлттық құрама 13-ші қазан күні Словения құрамасымен кездеседі.