Қостанайда бір үйдің бес баласы өрттен көз жұмды
Қостанай облысы Жітіқара қаласында бір үйдің бес баласы өрттен көз жұмды
Бүгін, 11 қазан күні таңғы сағат 04.29-да Қостанай облысы Жітіқара қаласында жеке тұрғын үйден өрт шығып, үйдің шатыры опырылып түскен. Үйде ата-анасының қарауынсыз қалған бес бала қаза тапты, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, балалардың анасы кешкісін құрбысына кеткен, ал жұбайы түрмеде отыр.