Футбол

Испания құрамасына 3 гол соққан қазақтар: Ұлттық құрама сенсация жасады

Екінші таймда Кенжебек дубль жасап, соңғы голды Данил Анкудинов соқты

Қазақстан жастар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Испаниямен сырт алаңда кездесті, деп хабарлайды Dopmedia.kz 

Командалардың бастапқы құрамы:

Испания U-21:Кампос, Санчес, Фрэнсис, Ибаргин, Лопес, Турриентес, Торре, Лопес, Наварро, Моро, Фернандес Регатильо;

Қазақстан U-21: Анарбеков, Кургин, Широбоков, Қалмырза, Қасабулат, Назымханов, Кенжебек, Қылдыбеков, Байбек, Абдулла, Свиридов.

Қазақстандықтар бірінші болып Ғалымжан Кенжебектің голымен есеп ашты. Алайда, бірінші таймның соңына дейін Испания төрт голмен жауап берді. Екінші таймда Кенжебек дубль жасап, соңғы голды Данил Анкудинов соқты. Қорытынды есеп – 4:3.

Қазақстан келесі матчында 15 қазанда өз алаңында Шотландия құрамасын қабылдайды.

Испания U-21 – Қазақстан U-21 4:3 (4:1)

Гол соққандар: Кенжебек 12 (0:1), Фернандес 15 (1:1), Турриентес 20 (2:1), Фернандес 23 (3:1), Фернандес 44 (4:1), Кенжебек 68 (4:2), Анкудинов 76 (4:3).