Жаңалықтар

"Қазақтар, өзімізді мақтағанға мәзбіз": жазушы Нобель сыйлығы туралы айтты

Амангелді Кеңшілікұлы Нобель сыйлығы туралы пікір білдірді

Белгілі сыншы, әдебиеттанушы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Амангелді Кеңшілікұлы биыл әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығын алған оңтүстіккореялық жазушы Хан Гангтың шығармашылығы туралы пікір білдіріп, замандас қаламгерлерді әлеуметтік желідегі жел сөзге ере бергенше осындай дүниелер жазуға үндеді, деп Dopmedia.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Амангелді Кеңшілікұлының айтуынша, "Ет жемейтін әйел" романы өте шебер жазылған.