Күрес

Әбиба Әбужақынова Абу-Дабидегі жарыста оңбай ұтылды

Әбиба Олимпиададан кейінгі алғашқы жарысына қатысты

Бүгін, 11 қазанда Абу-Даби Гранд Слэмінде бақ сынаған Әбиба Әбужақынова алғашқы белдесуінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

48 кг дейінгі салмақта бақ сынайтын Әбиба Әбужақынова IJF құрамасының балуаны Марина Воробьевамен шеберлік байқасқан еді. Алайда,ӘАбиба белдесудің тура бірінші минуты аяқталған сәтте ауырту әдісіне түсіп қалып, жеңіліс тапты.

Айта кетейік, аталмыш турнир Абиба Әбужақынованың Париж Олимпиадасынан кейін қатысып отырған алғашқы жарысы.