Бокстан ұлттық құраманың жаттықтырушысын атып кетті
Жантүршігерлік жағдай болды
Бокстан Қырғызстан ұлттық құрамасының жаттықтырушысы Жылдызбек Ниязалиевті атып кетті, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Бұл туралы 24.kg сайты жазды.
Бапкер жұмыс істейтін бокс залына қолында автоматтары бар бейтаныс ер адамдар кіріп келіп, оқ жаудырған. Салдарынан Жылдызбек Ниязалиев ауыр жараланды. Оның екі көмекшісі де жарақат алды. Шабуыл жасағандар қашып кеткен.
Қайғылы оқиға 10 қазанда 7-шағынаудандағы үйлердің бірінде болғанын айтты.
Дереккөздің айтуынша, зал – бокстан әлем және Еуропа чемпионы, Жогорку Кенештің бұрынғы депутаты Орзубек Назаровқа тиесілі.