Футбол

Қазақстан УЕФА рейтингінде төмендеп кетті

Еурокубок ойындарынан кейін Қазақстан рейтингте төмендеді

Еурокубоктың бірінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчтарынан кейін Қазақстан УЕФА коэффициенттері рейтингінде 40-орынға түсіп кетті. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі УЕФА-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Коэффициенттер командалардың еурокубоктық матчтарда жиған ұпайлары бойынша үлестіріледі. Биылғы және алдыңғы төрт маусымның нәтижелері бойынша арнайы қауымдастықтарға коэффициенттер беріледі. Егер коэффициенттер үлесі тең болған жағдайда, алдыңғы маусымдағы жоғары коэффициентке ие болған қауымдастық жоғары орынға шығады. 

УЕФА қауымдастықтарының коэффициенті бойынша рейтинг: 
1.Англия – 85.732; 
2.Италия – 75.356; 
3.Испания – 70.561; 
4.Германия – 67.910; 
5.Франция – 55.165; 
6.Нидерланд – 51.900; 
7.Португалия – 46.016; 
8.Бельгия – 41.200; 
9.Турция – 33.600; 
10.Чехия – 33.550; 
... 
38. Латвия – 9.000; 
39. Армения – 8.500; 
40. Казахстан – 8.250; 
41. Мальта – 7.875; 
42. Лихтенштейн – 7.500. 

Айта кетелік, биылғы еурокубоктық турнирде Қазақстан қауымдастығы атынан «Ордабасы», «Тобыл», «Ақтөбе», «Астана» клубтары қатысады.