Футбол

Ұлттық құрама Словенияға қарсы ойын алды жаттығуын өткізді (фото)

Ойын 13-ші қазан күні Алматыда өтеді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы аясында 13-ші қазан күні Словения командасын өз алаңында қабылдайды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Осы орайда біздің жігіттер ойын алды жаттығу жиындарын өткізді. 

Қазақстан – Словения ойыны 13-ші қазан күні, «Орталық стадионда», кешкі сағат 18:00-де өтеді. 

Черчесовтың тәрбиеленушілері сырт алаңда Словения құрамасынан 0:3 есебімен ұтылған болатын.