Футбол

Роналдуның ықпалымен ұлттық құрама жеңіске жетті

Португалия құрамасы Польшаны жеңіп кетті

Ұлттар лигасы аясында Португалия ұлттық құрамасы Польша командасымен кездесті. Кездесу Роналдуның жігіттерінің пайдасына аяқталды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Кездесу Варшавада өтіп, 3:1 есебімен аяқталды.  Португалия құрамасы үшін Бернарду Силва, Криштиану Роналду және Ян Беднарек гол соқты.

Осылайша, Роналду Португалия құрамасы үшін 100 ойын ойнаған алғашқы ойыншы болып тарихқа кірді.