Хоккей

«160 миллион теңге»: «Барыстың» жаңа қақпашысының жалақысы

«Барыс» қақпашысына қомақты қаражат төлейді

«Барыс» хоккей клубының жаңа қақпашысы Юхан Маттссон бір жылдық келісімшарт бойынша 30 миллион рубль (шамамен, 160 миллион теңге) табады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

12 шілдеде қазақстандық хоккей клубының баспасөз қызметі 2024/25 маусымының соңына дейін швециялық қақпашымен келісімге қол қойғанын мәлімдеді.

2022/23 маусымда 32 жастағы Маттссон «СКА» командасы үшін ҚХЛ тұрақты чемпионатының 12 матчына қатысты. Ол 5 жеңіске жетіп, қақпаға бағытталған соққының 91,8%-ын қайтарған. 

Өткен маусымның қорытындысы бойынша «Барыс» Шығыс конференциясында соңғы орынға түсіп қалған болатын. Қазақстандық клуб 68 матчтың қорытындысы бойынша небәрі 50 ұпай жинады.