"Тап саған керегі осы, ақымақ": қырғыз боксшысының бұрынғы әйелі рақаттанды (видео)
Дмитрий Биволдың жеңілісіне тосын пікір білдірді
Жақында кәсіпқой боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Бивол желіде ерекше видео жариялады, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Екатерина Бивол жекпе-жек барысын поп-ММА жауынгері және блогер Артем Тарасовпен бірге тікелей эфирде бақылап отырды. Жеңілістен кейін ол эмоцияға ерік беріп, Дмитрийге байланысты өз өкпесін ашық жеткізді:
Екатерина бұрынғы күйеуімен өткен өмірін еске түсіріп, оны чемпион еткен кезеңдерін мақтан тұтатынын атап өтті. Сонымен қатар, оның Биволдың отбасылық өміріне қатысты өкініші де анық байқалды.
Айта кетейік, Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында Артур Бетербиев пен Дмитрий Бивол абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізді. 12 раундқа жоспарланған бұл жекпе-жекте Артур Бетербиев төрешілердің бірыңғай шешімімен (114:114, 115:113, 116:112) жеңіске жетті.