Не қылған заман болды: тағы бір сарбаз көз жұмды
Қарағандыда қайғылы жағдай болды
Қарағанды облысы Шахтинск қаласында "Орталық" өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505-әскери бөлімінің келісімшарт бойынша сарбазының мәйіті табылды, деп Dopmedia.kz Alash.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Сарбаз 13 қазанда өз өзіне қол салған. Әскери қызметкердің мәйіті жұмыстан тыс уақытта тұрғылықты жеріндегі пәтерден табылды.
Полиция аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Бұған дейін, Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы Құрлық Әскери институтының аумағынан 44 жастағы сержанттың денесі табылған еді