Жаңалықтар

Жас хоккейші ішімдік ішуге тыйым салған анасын пышақтап өлтірді

Хоккейші 47 жастағы анасымен ренжісіп қалған

Ресейдің Химки қаласында болашағынан зор үміт күттіретін хоккейші ішімдікке әуес бола бастаған. Ал анасының оның бұл қызығушылығына тыйым салғысы келген әрекеті қайғылы жағдайға душар етті, деп Dopmedia.kz "Бірінші бол" сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Атлант» сапында ойнайтын 21 жастағы Степан соңғы уақытта алкогольге үйір болып жүрген. Мұнысы оның анасына ұнамай, соңғы уақытта екеуі жиі жанжалдасатын да болған.

Ал 11 қазан күні тағы араққа тойып алған хоккейші 47 жастағы анасымен ренжісіп қалып, бастапқыда ол қолымен ұрып, сонан соң бірнеше рет пышақ тығып алған. Ал айқай-шуды естіген көршілері полиция шақырған. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері арқа, иық және ішіне бірнеше рет пышақ сұғылған әйелді тез арада ауруханаға жеткізген, дегенмен оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Енді жас жігіт 15 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.