Футбол

"Енді Қазақстанға келгіміз келмейді": Словенияның бапкері неге шүйлікті?

Оның айтуынша, Қазақстан оларға алыс әрі қиын

Футболдан Словения құрамасының бас бапкері Матьяж Кек Қазақстанға қарсы матчтан кейін пікір білдірді. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды. 

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 4-туры аясында Словенияға қарсы кездесу өткізді. Алматыдағы Орталық стадионда өткен матчта Қазақстан құрамасы 0:1 есебімен жеңіліс тапты.