Таксистпен әңгімелескен Аймағамбетов Мәжілісте не мәселе көтерді?
Асхат Аймағамбетов жұмыссыздық туралы пікір білдірді
Депутат Асхат Аймағамбетов Үкімет сағатында елдегі жұмыссыздық мәселесін қозғады, деп Dopmedia.kz Dalanews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Асхат Аймағамбетов баяндамасын такси жүргізушісімен болған әңгімесінен бастады.
Депутаттың сөзінше, кейбір мамандықтарға грант бөлінсе де бірде-бір адам өтініш бермеген.
Сондай-ақ ол жұмыспен қамту шаралары жергілікті деңгейде қоғамдық жұмысқа тартудан, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынудан және жастар практикасынан аса алмай отырғанын айтты.
Депуттаттың айтуынша, Үкіметтің есебінен жыл сайын шамамаен 900 мың адам жұмысқа орналасады.