Футбол

10 жылдан асты: Қазақстан 2013 жылғы сәтсіздігін қайталады

Ұлттық құрама антирекордын тағы қайталады

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкер Станислав Черчесовтің жетекшілігімен соңғы 4 ресми ойында гол соға алмай келеді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

УЕФА Ұлттар лигасының биылғы маусымында Қазақстан алғашқы ойында Норвегиямен тең түсіп (0:0), содан кейін үш матч қатарынан жеңіліс тапты: Словениядан (0:3), Аустриядан (0:4) және тағы да Словениядан (0:1) ұтылды.

Қазақстан құрамасы соңғы рет осындай сәтсіз серияны 2012 жылдың қыркүйегінен 2013 жылдың наурызына дейін бастан өткерген болатын. Сол кезде 2014 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы Швециядан (0:2) жеңіліп, Аустриямен тең ойнады (0:0), кейін аустриялықтардан (0:4) және Германиядан (0:3) ірі есеппен ұтылған еді.