Үлкен теннис

Елена Рыбакина Уимблдонда қанша пайда тапты?

Теннисші 715 мың фунт стерлингті қанжығасына байлады

Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон-2024 турнирінің жартылай финалында сүрінді. Дүбірлі доданың осы кезеңіне дейін жеткен қазақстандық теннисші 400 миллион теңгеден астам пайда тапты, деп Dopmedia.kz тілшісі Уимблдонның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл жарыстың жартылай финалында чехиялық теннисші Барбора Крейчиковамен кездескен қазақстандық спортшы үш сеттің қорытындысы бойынша есе жіберіп қойды – 6:3, 3:6, 4:6.

Уимблдон турнирінің ресми құжатындағы ереже бойынша, жартылай финалға дейін жеткен спортшы 715 мың фунт стерлинг немесе 400 миллион теңгеден астам сыйақыға ие болады.

Айта кетелік, жартылай финалдық кездесуде отандасымызды қапыда қалдырған Барбора Крейчикова ақтық сында Ясмин Паолинимен кездеседі.