Дөп

Англияда құлпынай теріп жүргендерге елімізде жұмыс жоқ па: Аймағамбетов тіл қатты

Асхат Аймағамбетов жұмыссыздық туралы пікір білдірді

Депутат Асхат Аймағамбетов Англияда құлпынай теріп жүрген отандастарымыздың құқығын қорғауды көтерді, деп Dopmedia.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.. 

Қазақстан азаматтары жұмыс істейтін барлық мемлекетпен, олардың құқықтарын қорғау бойынша келісімдер жасалуы керек. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айтты.

Оған қоса, депутат басқа елдерге жұмысқа шығатын азаматтардың құқықтарымен жеткілікті деңгейде айналыспайтынын айтуда.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты елдегі жұмыспен қамту шараларының тиімді болмағанын сынаған еді. Сондай-ақ, Қазақстанда «жұмыс істейтін кедейлер» феномені белең алғанын айтуда.