Ерлер

«Шахтер» сербиялық легионермен қатарын толықтырды

Қарағандылық клуб жаңа ойыншымен келісімшарт жасасты

«Шахтер» футбол клубы сербиялық қорғаушы Милош Николичпен келісімшартқа отырды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі клубтың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін Милош сербиялық «Слога Баина Башта», «Слобода», беларуссиялық «Слуцк», өзбекстандық «Қоқан», сербиялық «Златибор Чаетина», «Лозница», босниялық «Слога Меридиан» командаларында өнер көрсеткен.

29 жастағы футболшымен келісімшарт мерзімі белгісіз. «Слога Меридиан» құрамында Николич 44 матч өткізіп, 4 гол соққан.