Дөп

«Бізді осы дәрежеде қорлайтындай не жаздық?» – марқұм Шерзаттың әжесі (видео)

Талғардағы жағдайға байланысты марқұм Шерзаттың әжесі пікір білдірді

Талғардағы трагедияға қатысты әлеуметтік желіде бейнебақылау камерасының жазбасы тараған. Видеоның бас-аяғы түсініксіз.Марқұм Шерзат Болаттың әжесі видеоны әдейі таратқандарын айтады. Немересінен айрылған әже отбасы ешкімінің ала жібін аттамағанын айтып, шерін ақтарды, деп Dopmedia.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Шерзаттың әжесі желідегі "видеоны құзырлы орган қызметкерлерінің өзі таратты" деп ащы өкінішін жеткізді.