Бокс

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін қайдан көруге болады?

Боксшы 14 шілдеде шаршы алаңға шығады

14 шілдеде, жексенбі күні таңертең Лас-Вегаста әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) Андрей Михайловичке (21-0, 13 КО) қарсы жекпе-жекте орта салмақтағы WBO және IBF белбеулерін қорғайды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Бұл кездесуді көрермендер «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре алады. Бокс кешінің басталатын уақыты – 6:00.