"Французша сөйлеп отырсың ба": ҚФФ Черчесовке қатысты дауға мәлімдеме жасады
ҚФФ арнайы мәлімдеме жасады
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қазақ тіліне байланысты әлеуметтік желіде жарияланған видеоға Қазақстан футбол федерациясы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Бұл оқиға 13 қазанда Алматыда өткен Қазақстан – Словения матчынан кейінгі баспасөз мәслихатында болған. Станислав Черчесовке қазақ тілінде сұрақ қойған журналиске бас бапкер: "Сен французша сөйлеп отырсың ба?" - деп тіл қатқан.
Айта кетейік, 13 қазанда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 4-туры аясында Словенияға қарсы кездесу өткізді. Алматыдағы Орталық стадионда өткен матчта Қазақстан құрамасы 0:1 есебімен жеңіліс тапты.