Дөп

Төбелестен ажал құшқан жігіт: Лисаковскіде өлім тіркелді

Караокеге келген жігіттердің арасында төбелес шыққан

12 қазан күні Лисаковскіде караоке-барда келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан 41 жастағы ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі lisakovsk.life деректеріне сілтеме жасап.

Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп, желіде жарияланды. Кадрларда ер адамдардың бірінің қарсыласына күрестік әдіс қолданып, жерге құлатып, кейін оны соққыға жыққаны анық көрінеді.

Қостанай облысының Полиция департаменті адам өліміне әкелген дене жарақаты бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.