Футбол

ҚФФ-ның Черчесовке қанша айыппұл салғаны белгілі болды

ҚФФ аталмыш мәселеге қатысты шешім шығарды

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовке айыппұл салынғанын айтты, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Бұған дейін ҚР Туризм және спорт министрлігі федерациядан әлеуметтік желілерде тараған бейнематериал бойынша ресми түсініктеме беруді талап еткен болатын.

Осыған байланысты Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрама бас бапкері Станислав Черчесовтің журналистерге берген аталмыш оқиғаға қатысты жауабын Тәртіптік бақылау комиссияның комитеті қабылдап, шешім шығарды. Бас бапкерге  200 МРП көлемінде айыппұл салынды. 

ҚФФ-ның Тәртіптік бақылау комиссияның комитеті шеңберінде жылдам шешіп қабылдап, бас бапкерге айыппұл салу арқылы өздерінің жүйелі әрі нақты проблемалармен жұмыс істейтінін көрсетті. Кез келген мәселе ашық әрі нақты шараларды қабылдау арқылы жүзеге асқан кезде, даму мен алдыға жылжыу болатыны анық.