"Жігітіңіз бар ма?": Ләйлә Сұлтанқызы жеке өмірі туралы айтты
Ләйлә Сұлтанқызы жеке өмірі туралы сыр шертті
Қазақстандық танымал тележүргізші Ләйлә Сұлтанқызы желіде оқырмандарын қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, жеке өміріне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ләйлә Сұлтанқызы Instagram-дағы парақшасында сұрақ-жауап ашып, оқырмандарымен түрлі тақырыпта тілдесті.
Желі қолданушыларының бірі тележүргізушіге жеке өміріне қатысты сұрақ жолдады.
"Жігітіңіз бар ма", - деп жазды оқырман. Бұл сұрақ Ләйлә Сұлтанқызын қатты таңғалдырды.
"Масқара. Не сұрақ", - деп жауап берді БАҚ өкілі.
Сонымен қатар тележүргізуші қазақ қыздарының басқа ұлт өкіліне тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді.
"Өзіміздікі өндірістікі болған дұрыс па деймін", - деп қысқа жауап қайырды Сұлтанқызы.