Дөп

"Аулақ жүріңдерші": блогер әншілерді Талғардағы оқиға туралы сұрақпен састырды (видео)

Жан Ахмадиев не бүлдіріп жүр?

Блогер Жан Ахмадиев бір топ өнер өкілдеріне сұрақ қойып, Талғардағы оқиғаға қатысты пікірін білді, деп Dopmedia.kz тілшісі Malim.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Танымал тележүргізуші Жанатбек Байтековтің айтуынша, ол іспен тікелей құқық қорғау органдары айналысқаны дұрыс.

Ал әнші Мирас Бекжанов қоғамды дүрліктірген оқиғаға қатысты пікір білдіруге міндетті емес екенін айтады.

Ал әлеуметтік желіде атышулы Хасанмен бірге түскен суреті тараған Жанар Айжанова ат-тонын ала қашты.

Жан Ахмадиев ел алдында жүрген танымал адамдардың ел ішінде болып жатқан оқиғаға араласуы керек екеніне тоқталды.