"Мұз қойып, ісігін бастым": Шерзаттың әкесі алаңдатқан сауалға жауап берді
Шерзат Болаттың әкесі көпшілікті алаңдатқан сауалға нүкте қойды
Марқұм Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов бет-әлпетіндегі жарақатқа байланысты сұраққа жауап беріп, алып-қашпа әңгіменің нүктесін қойды, деп Dopmedia.kz тілшісі Dalanews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жұрт Нұрымовтың әлеуметтік желідегі видео-суреттерінен көзінің көгеріп, мұрнының қисайғанын байқап, алаңдаушылық таныта бастады. Күні кеше Нұрымовтың қарындасы Перизат Нұрманова жанжал уақытында ағасының көзіне бөтелке тигенін, ал мұрыны оқиғаға дейін қисайғанын атап өткен еді. Марқұм Шерзаттың әкесі де қарындасының сөзін қостады.
Сонымен қатар #Шерзатүшін инстаграм парақшасы алаңдап жатқан барша оқырманға алғыс айта отырып, жаңсақ пікірге ермеуге шақырды.
Дереккөз мәліметінше, бетке жасалған кез келген соққыдан кейін ісік пайда болады.
Осы тұста олар артық дүрбелеңге салынбай, сенімді ақпарат көздеріне назар аударуды сұрады.
Еске салайық, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмды. Жанжал жігіттің отбасы жалға алатын дүкеннен басталған. Туыстарының айтуынша, сауда нүктесіне келген сатып алушы сыра алып, ақшасын төлеуден бас тартқан. Осы жағдайдан кейін төбелес басталған.