Жаңалықтар

"Бізде тізімі бар": вице-министр спорттағы сақалдылар туралы айтты

Серік Жарасбаев бұл мәселе бойынша пікір білдірді

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың айтуынша, Мәжіліс қарауында жатқан Спорт туралы заң жобасына терроризм мен эктремизмге қарсы нормалар енгізілген, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Бұл мәселе Мәжілісте спорт мәселесі талқылған кезде көтерілді. Депутат Жигули Дайрабаев кейбір спортшылардың сақалының өсіп кеткенін сынға алған. Ол дінге берілсе, «олар мешітке барып намаз оқысын» деп те өткір айтты.