Дөп

Талғардағы трагедиядан кейін кімдер қызметінен кетті?

Бірқатар ауыс-түйіс өзгерістер болды

Талғардағы 16 жастағы Шерзат Болаттың өлімінен кейін мемлекеттік қызметтегі бірқатар жандар өз орындарын босатты, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Ішкі істер министрлігі басшысының бұйрығымен келесілер қызметінен босатылды:

Алматы облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Шалқаров;

Талғар аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұржан Күнтүнов;

Полиция департаментінің Алматы облысы бойынша Экстремизмге қарсы күрес басқармасының басшысы Ұлан Байтақов;

Алматы облыстық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Руслан Смағұлов;

Алматы облыстық Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Дулат Қайыр;

Алматы облыстық Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Жанат Омаров.