"Көзімізге тік қарап, өтірік айтып жатыр": қаза тапқан сарбаздың анасы ашық сотты талап етті
Қаза тапқан сарбаздың анасы халықтан көмек сұрады
Ұлттық ұланның қаза тапқан 19 жастағы сарбазы Алмас Шахимовтың анасы Индира Туғанбаева ашық сотты талап етті, деп Dopmedia.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Индира Туғанбаева әскери қызметкер дауыл кезінде қаза тапты деп мәлімдеген Ұлттық ұланға сенбейтінін мәлімдеді.
Қайтыс болған Ұлттық ұлан сарбазының анасы ұлының қызметте қорлық көргеніне сенімді. Оның сөзінше, сарбаздың денесінің бөліктері көгерген, ұрып-соғу іздері, темекі күйіктері байқалады.
Еске салайық, Алмас Шахимов 2022 жылы тамызда қайтыс болды. Ол Алматыдағы Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінде қызмет етті.