Бокс

Головкиннің бапкері бокс федерациясын басқара ма?

ҰОК Президенті Геннадий Головкин өз бапкерін Қазақстанға шақыртты

Ұлттық Олимпиада Комитетінің президенті Геннадий Головкин қазақ боксшыларын Азия чемпионатына дайындау үшін өзінің американдық бапкерін елімізге шақырды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Американдық Кристофер Камачо біздің жігіттерді 30 қараша мен 12 желтоқсан күндері аралығында өтетін бокстан Азия чемпионатында дайындайтын болды. 

Айта кетейік, бүгінгі күні ұлттық құраманың бас бапкері қызметін Қайрат Сатжанов атқаруда.