Дөп

"Жындыханаға апара жатыр": "Хутор" мен Талғардағы трагедияны айтқан адам ұсталды

Талғардағы оқиға туралы айтқан адам ұсталды

Журналист Асхат Ниязов Telegram желісіндегі арнасында Талғар мен «Хуторский» қылмыстық тобы туралы айтқан адамның полиция тарапынан ұсталғанын жазды. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды.

Асхат Ниязовтың айтып отырған кейіпкері журналистің YouTube арнасында жарияланған шығарылымда оқиғаның мән-жайын баяндаған. Ақпаратқа сәйкес ұсталған адам Шерзат Болаттың көршісі болып саналады. Журналист онымен бірге бұрын Хутор деп аталған Рысқұлов ауылына барған. Сұқбат көліктің ішінде жазылған, себебі сыртта болу қауіпті көрінеді. Әңгіме барысында ол ауылдардағы бұрынғы жағдайлар мен «Хуторский» ұйымдасқан қылмыстық тобы туралы мәліметтерді айтқан.