Дөп

Қазақстанда 64 жыл күткен ең ұзын көпір салынды (видео)

Қазақстанда ең ұзын көпір салынды

Президенттің тапсырмасы бойынша Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең ұзын көпір ашылды, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең ұзын көпірдің ашылуына қатысты.

Жоба көлік қатынасына қатысты көп жылғы мәселені шешуге бағытталған, көпір алты ауданды – Күршім, Үлкен Нарын, Марқакөл, Катонқарағай, Тарбағатай және Зайсан аудандарын байланыстырады.