Дөп

Есен Елеукен кетті: "Жайдарманды" енді кім басқарады?

Есен Елеукен "Жайдармандағы" кадрлық өзгерістерді айтты

Есен Елеукен "Жайдармандағы" кадрлық өзгерістерге қатысты пікір білдірді. Ол Instagram желісіндегі парақшасында жаңа басшы Жанасыл Болатбекті құттықтап, ақ тілегін арнаған, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Есен Елеукеннің айтуынша, Жанасыл Болатбек "Жайдарманның" жұмысына 2014 жылдан бері атсалысқан. Енді экс-басшы жобаның әрі қарай жандана түсетініне сенімді.

Желі қолданушылары "Жайдарманның" жаңа басшысын құттықтап, толассыз пікір жазған. Олардың қатарында Есен Елеукеннен бағдарлама тізгінін кім ұстайтынын да сұрағандар табылды.