Дөп

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы колонияға жіберілді

Сот Дәулет Тұрлыхановтың ұлын колонияға жіберу туралы қаулы шығарды

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат колонияға жіберілді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Бүгін Алматыда Нұрасыл Болаттың ісі бойынша сот отырысы өтті. Онда сот айыпталушыны колонияға 1 жыл 5 айға жіберу туралы қаулы шығарды.

Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін өтелмеген 1 жыл 5 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен ауыстырылсын, - деді судья.