Дөп

«Отыра, тұра алмайды»: Шерзаттың пышақталған ағасынан жауап алынды

Шеразттың ағасынан жауап алынғанын адвокат айтты

16 жастағы Шерзат Болаттың өмірін қиған Талғардағы төбелес бойынша тергеу жалғасып жатыр. Жәбірленуші тараптың қорғаушысы Саида Тәуекелова марқұмның пышақ жарақатын алған ағасы Нұрқанаттан таңнан кешке дейін жауап алынғанын мәлім етті, деп Dopmedia.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Шерзат Болатқа арналып ашылған желідегі парақшаға жарияланған видеода адвокат Нұрқанат жауап алуға таңда кіргеннен кешке бір-ақ шыққанын айтады. Қылмыстық кодекске сай, тергеу барысынан хабардар етуге заңмен тыйым салынғандықтан, адвокат қысқа сөйлеп, жәбірленушіден де тергеу туралы ештеңе айтпауды сұрайды.

Өзіне сөз берілгенде Нұрқанат «кішкене шаршадым, болып жатыр, жүріп жатыр» деп қысқа қайырды тергеу барысы туралы.