Күрес

Әлем чемпионаты: Қазақ палуандарының алғашқы қарсыластары кімдер?

Әйелдер күресінен алғашқы кездесулердің жеребесі белгілі болды

Тиранада 23 жасқа дейінгі палуандар арасында әлем чемпионаты басталып, әйелдер күресінен алғашқы кездесулердің жеребесі белгілі болды,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі 

Жарысқа қатысатын спортшыларымыздың алғашқы қарсыластары төмендегідей:

50 кг салмақ дәрежесінде Лаура Ғаниқызы түрік палуаны Зехра Демирхан немесе марокколық Зейнеп Чабкимен күш сынасады.

53 кг салмақта Зейнеп Баянова жапондық Ю Сакамото немесе швед палуаны Елен Ингер Остманмен белдеседі.

55 кг салмақ санатында Айнұр Әшімова моңғол спортшысы Отгонтуя Баянмухқа қарсы тұрады.

57 кг-да Шұғыла Өмірбек канадалық Мия Кетерин Фрисенмен күреседі.

59 кг салмақта Гүлдана Бекешке жапондық Химека Токухара қарсылас атанды.

62 кг-да Тыныс Дүбек америкалық Макей Эллен Китлимен кездеспек.

65 кг санатында Гүлдана Өсербай румыниялық Катерина Зеленых немесе америкалық Диана Нвачуквамен белдеседі.

68 кг салмақ дәрежесінде Бейбіт Сейдуалы америкалық Бруклин Хайс немесе канадалық Алиа Неоэль Никкельге қарсы тұрады.

72 кг-да Анастасия Панасович америкалық Кили Рени Уэлкермен күреске түседі.

76 кг салмақта Алина Ертөстік америкалық Елена Макойедке қарсы шығуға дайындалып жатыр.

Айта кетейік, ертеңгі жарыс 50, 55, 59, 68 және 76 кг салмақ дәрежелерінде өтеді.