Түркиядағы теракт: қаза тапқандар арасында қазақстандықтар бар ма?
Түркиядағы теракта қаза тапқан қазақстандықтар бар ма?
Анкара қаласында болған теракт кезінде қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ екені расталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Теракт жайлы мәлімет
Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликаяның айтуынша, екі террорист шабуыл барысында өлтірілген.
Шабуыл Анкарадағы TUSAŞ аэрокосмикалық компаниясының аумағында орын алды. Алдымен жарылыс, кейін атыс болғаны хабарланған.
Соңғы деректерге сәйкес, теракт салдарынан 5 адам қаза тауып, 22 адам жарақат алған. Олардың 19-ы ауруханада, екеуінің жағдайы ауыр. Шабуылдан кейін Түркияның ұлттық қорғаныс министрлігі Сирия мен Ирактың солтүстігінде әуе операциясын жүргізгенін мәлімдеді.