"Оян, қазақ" фильмінің авторлары Малайзияға көшіп кетті
Тарихи туындының авторлары Малайзия еліне қоныс аударды
"Оян, қазақ", "Ахмет. Ұлт ұстазы" фильмдерінің авторлары – ерлі-зайыпты Мұрат Есжан мен Айсәуле Әбілда Малайзия еліне қоныс аударды, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Бұл туралы продюсер Айсәуле Әбілда өзінің facebook-парақшасында жазды.
Продюсердің айтуынша, балаларға ағылшын, қытай тілдерін меңгеріп шығуға жайлы ортаның болуы осындай шешімге келуге итермелеген.
Сондай-ақ ол бұл елге уақытша көшкендерін атап өтті.