Бишімбаевтың бұрынғы әйелі экс-шенеунікпен ажырасуы туралы кітап жазып жатыр
Назым Қаһарман өзінің Instagram парақшасында өмірінің кейбір кезеңдерін баяндап жатқанын жазды
Азаматтық некедегі әйелін өлтіргені үшін 24 жылға сотталған бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың экс-әйелі Назым Қаһарман өз өмірі мен сәтсіз некесі жайлы кітап жазып жатыр. Бұл туралы Dopmedia.kz ақпарат агенттігі мәлімдеді. Назым Қаһарман өзінің Instagram парақшасында өмірінің кейбір кезеңдерін баяндап жатқанын жазды.
Сонымен қатар, Назым екі тарауын жазып қойғанын да атап өтті. Бұған дейін ол бұрынғы күйеуі Қуандық Бишімбаевты әкелік құқықтан айыра алмағанын айтқан болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық экономика министрі болған Қуандық Бишімбаев 2023 жылы 9 қарашада әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен қамауға алынған еді. Кейінірек, қылмысты жасыруға қатысы бар деген айыппен оқиға болған мейрамхананың директоры Бақытжан Байжанов та ұсталды. Сот процесі 2024 жылы 27 наурызда басталып, 10 мамырға дейін жалғасып, ашық түрде өтті.