Маникюр жасатқан әйел ВИЧ инфекциясын жұқтырып алды
Қаланың инфекциялық клиникалық ауруханасы мәлімдеме жасады
Псковтың тұрғыны маникюр кезінде адамның иммунотапшылығы инфекциясын (ВИЧ) жұқтырып алған. Осылай деп қаланың инфекциялық клиникалық ауруханасы мәлімдеме жасады. Бұл туралы Baza Telegram-каналына сілтеме жасап Dopmedia.kz хабарлайды.
Мекеменің баспасөз қызметі «тәжірибеден алынған жағдай» туралы ақпарат таратты. Ауруханаға келген әйелдің жағдайы тексеру барысында ВИЧ инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Бұған дейін әйел диагнозын білмеген, тестілеу өткізбеген және ешқандай белгілері болмаған.
«Тергеу» нәтижесінде әйелдің жиі маникюр жасататыны белгілі болып, инфекцияның сол жерде жұқтырылғаны болжануда.
Дәрігерлердің осындай қорытындыға қалай келгені нақты айтылмаған, бірақ «инфекцияның басқа мүмкін себептері анықталмаған».
Аурухана қызметкерлері маникюр шеберлері (және басқа да мамандар) міндетті түрде лицензия алуы және құрал-саймандарды мұқият дезинфекциялауы керектігін еске салды.