Қауіпті нарколаборатория жабылды: Алматыда арнайы операция өтті
Ол Медеу ауданындағы жекеменшік секторда жұмыс істеді
Алматыда арнайы операция барысында ірі нарколаборатория жойылды, деп хабарлайды Dopmedia.kz Polisia.kz-ге сілтеме жасап.
Алматы полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Қуатбек Науатовтың айтуынша, арнайы операция прокуратурамен бірлесіп жүргізілді. 35 жастағы Алматы облысының тұрғыны жалға алынған үйде синтетикалық есірткі өндірген.
Сот-химиялық сараптама мәліметтеріне сәйкес, ұнтақ тәрізді зат мефедрон болып табылды, оның салмағы 21,7 кг.