Футбол

"Астана" командасының Англиядағы ойыны күтпеген есеппен аяқталды

Ойын 0:2 есебімен аяқталды

Конференция лигасының топтық кезеңінің 2-ші турында "Астана" футбол клубы англиялық "Нью-Сейнтс" командасымен кездесіп, 0:2 есебімен есе жіберді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Бірінші таймда қарсылас команда нәтиже көрсетіп, есеп ашты. Ойынның 40-шы минутында англиялық клубтың жартылай қорғаушысы Рори Холден астаналықтардың қақпасына алғашқы голды соқты. Кейін, 78-ші минутта Деклан Макманус пенальи жасады. 

Тағы оқыңыздар: "Астана - Челси" ойыны қай стадионда өтетіні белгілі болды