Дөп

«Күйзеліске түсіреді»: Тоқтар Серіков кіммен құда болғысы келмейді?

Тоқтар Серіков өнерде кіммен құда болғысы келмейтінін айтты

Отандық эстрада жұлдызы Тоқтар Серіков кіммен құда болғысы келмейтінін айтты. Өнер иесі «Әйгерім Сейфолланың сырласуында» Мейрамбек Бесбаев екеуінің қарым-қатынасына тоқталған, деп Dopmedia.kz тілшісі Ozgeris.Info сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тоқтар Серіковтің сөзінше, ол Мейрамбекті ағайынындай жақсы көреді. Эстрада жұлдызы жақынымен бұл қарым-қатынасына селкеу түсіргісі келмейді.

Әнші өнердегі әріптесі Сәкен Майғазиев туралы да дәл осындай пікірде. Тоқтар Серіков достары үшін отқа батып, суға түссе де, құда болуға дайын емес.